Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2025 жылдың I тоқсанында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды – ҰСБ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың I тоқсанында республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2025
Жаңалықтар
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Оның ішінде 7 141 мыңы немесе 76,9%-ы — жалдамалы қызметкерлер, ал 2 142,5 мыңы (23,1%) — өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

15 және одан жоғары жастағы халық арасында жұмыспен қамту деңгейі 64,4%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,2 мың адамға көп. Өсім негізінен жалдамалы жұмысшылар есебінен қамтамасыз етілген.

Сала бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі:

  • сауда саласында – 17%,

  • білім беру саласында – 13,4%,

  • өнеркәсіпте – 12,5%,

  • ауыл шаруашылығында – 10,3%.

Жас ерекшелігіне байланысты, жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі — 35-44 жас аралығындағы азаматтар (28%). Сонымен қатар 29-34 және 45-54 жас аралығындағы азаматтар жалпы жұмыспен қамтылғандардың 40%-ын құрайды.

Өңірлік бөліністе:

  • жалдамалы қызметкерлер саны бойынша – Алматы қаласы алда (985,8 мың адам);

  • өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны бойынша – Түркістан облысы (378,2 мың адам) және Алматы облысы (233,7 мың адам) көш бастап тұр.

Жұмыспен қамту бойынша іріктеп зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сай есептелген жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың I тоқсанында 4,6%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 4,7%-бен салыстырғанда азайғанын көрсетеді.

Тегтер: жұмысқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz