Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

167 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды

ІІМ көрсетілетін қызметтерді қолжетімді және ашық ету мақсатында олардың кейбірін смартфондарға шығарды.

03.05.2023
Жаңалықтар

Онлайн-қызметтер іске қосылған сәттен бастап оларды 7 миллионнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырған, деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Автокөлікті басқарудың міндетті шарттарының бірі – жарамды жүргізуші куәлігінің болуы. Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүруді міндеттемеу мақсатында ІІМ оларды «цифрландырды» және құжаттардың цифрлық аналогтарын пайдалану үшін заңнаманы өзгертті. Бұл қызмет көрсету мерзімін орта есеппен 4-5 есеге қысқартуға, қағазбастылықтан арылтуға және ХҚКО-лардағы кезектерді азайтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ ІІМ жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі өтуге жақындаған кезде оларды уақтылы ауыстыру қажеттігі туралы еске салатын SMS және push-хабарламаларды жіберу сервисін енгізді.

Айта кету керек, бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін. Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті.

Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады. Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады, ал автокөлікті смартфондағы «цифрлық» жүргізуші куәлігі нұсқасы бойынша бірден басқара беруіне болады. Мұндай қызметтерді енгізу азаматтарымызды мемлекеттік қызметтерді алу үшін қандай да бір мекемелерге бару қажеттілігінен босатады

Тегтер: жүргізушіІІМкуәліконлайн

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz