Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

16 жастағы жасөспірім өзін ұрлап әкетіп, жұмысқа салғанын мәлімдеген

«НеМолчиKZ» қоғамдық қорына 16 жастағы жасөспірім өзін елордадан күштеп алып кетіп, ауылда жұмыс істеуге мәжбүрлегені туралы хабарлама жолдаған. Аталған жайт бойынша полиция департаменті тексеру жүргізген. Полицияның айтуынша, жасөспірім қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы үйінде. Ата-анасының ешкімге шағымы жоқ, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

12.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«16 жастағы баладан алаңдаушылық туғызған хабарлама түсті. Ол өзін Нұр-Сұлтан қаласынан ұрлап алып кетіп, ауылға апарып, күш қолдана отырып, жұмысқа мәжбүрлегенін мәлімдеді», — деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі.

Өз жазбасында белсенді әйел аталған хабарламаны тексеруді сұрап, Ішкі істер министрлігінің «WhatsApp» мессенджеріне өтініш жолдаған. Хабарламада бала өзінің мекенжайы мен аты-жөнін көрсетпей, тек фотосуретін ғана жолдағаны айтылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің қайда екенін анықтаған. Белгілі болғандай, ол өз үйінде, ата-анасының жанында.

«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың қазір Нұр-Сұлтан қаласында өз үйінде және оның аман-есен екенін білді. Мән-жайды тексеру барысында хабарлама таратқан баланың анасы жазғы демалыста ұлын Шығыс Қазақстан облысындағы ауылға туыстарына жібергенін түсіндірген. Жасөспірімге ол жер ұнамағандықтан, ол бұл туралы әлеуметтік желілерге жазған», — деп түсініктеме берді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланың анасы арыз-шағым түсіруден бас тартты.

Тегтер: зорлық-зомбылық

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz