Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді

Қытайға сапарлауды немесе осы елден ұшуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға әуежайға ертерек келу ұсынылды. Бұған Қытайдағы иммиграциялық бақылау тәртібіне енгізілетін өзгерістер себеп болып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2026
Жаңалықтар

FlyArystan әуе компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығу тәртібіндегі өзгерістер күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылау кезінде жолаушылардың құжаттарын тексеру рәсімі әдеттегіден ұзаққа созылуы мүмкін.

«Қытайға баратын немесе осы елден ұшатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеруге, сондай-ақ ҚХР-ға кіру және одан шығуға қатысты өзекті талаптармен танысуға кеңес береміз», – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ жолаушыларға паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастырып, әуежайға рейс ұшардан кемінде үш сағат бұрын келу ұсынылды.

Бұл ретте Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшінде қала береді. Қазақстан азаматтары бір сапар барысында Қытай аумағында визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады.

Бұған дейін 6 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайының Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберісі ашылғаны хабарланған еді.

Тегтер: ҚазақстанҚытайшекара

Соңғы жаңалықтар

15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2026

Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
07.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
07.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
07.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz