Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

137 түлек білім грантынан айырылды

Мұны Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

06.09.2022
Жаңалықтар

«ҰБТ-2022 аяқталды, бірақ оның бейнежазбаларын тексеру әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегері болған еді», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, ҰБТ тапсыру кезінде бекітілген талаптарды сақтамауға жол берген Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерінің үстінен тексеріс жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.

«Құрметті 2023 жылғы талапкерлер! Міне, сіздер үшін жауапты кезең басталды. Себебі алда емтихандар мен ҰБТ тапсырасыздар. Сіздер білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, алдыңғы буынның қателіктерін қайталамайсыздар деп сенеміз», — деп жазды Руслан Емелбаев.

Руслан Емелбаевтың мәліметіне қарағанда, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылған.

Тегтер: грантжас түлекҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz