Метеорологтардың болжамынша, облыстың тау бөктері мен таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні тау бөктері мен таулы өңірлерде секундына 18 метрге дейін жетеді.
Күндіз облыс аумағында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Сонымен қатар, өңірдің солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Қонаев қаласында термометр бағаны 36-38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және таулы аймақтарға шыққанда ауа райының құбылуына дайын болуға кеңес береді.





