Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Талғар ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

17.01.2023
Сұхбат

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір активіне жаңа әкімді таныстырды.

Кездесу барысында өңір басшысы аудан әкімдігінің алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Нақтырақ айтсақ:

  • инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру;
  • ауданның елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру;
  • құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және нысандардың уақытылы қолданысқа берілуін қадағалау;
  • жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмысты жалғастыруды;
  • пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды жандандыру.

«Талғар ауданының потенциалын ескере отырып, бұл өңірдің дамуы үшін бірқатар шаралар қолға алынады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, құрылыс және тағы басқа салалар бар», — деді өңір басшысы.

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков 1971 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде «экономист-бухгалтер» мамандығын және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде «құқық бакалавры» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қуаныш» акционерлік қоғамының есепшісі болып бастады.

Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімі басшысы, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың маусым айынан Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметінде болған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржаңа әкімТалғар

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz