Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев Тасмұрын каналында шлюз салуды тездетуді тапсырды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев іссапармен Балқаш ауданына барып, бірқатар нысанды аралады.

04.10.2023
Сұхбат

Ең алдымен ол «АФ Бірлік» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аталған серіктестік күріш, бидай және жоңышқа егумен, күріш өндірумен, мал шаруашылығымен айналысады. Компания шығарған «Элита» атты күріш Алматы қаласына жеткізіліп, сол жақтан еліміздің барлық өңіріне тасымалданады. Бұдан бөлек, серіктестік өз өнімін Қырғызстанға экспорттайды. Қазіргі таңда Италияға, күріш жантағын Ресейге шығару үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Компанияда 250 адам жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа жалақысы 200-500 мың теңге аралығында.

Биыл компания басшылығы 1400 гектар жерге күріш, 950 гектарға бидай, 3100 гектарға жоңышқа еккен. Күзгі науқанда күріштің әр гектарынан 45 центнер өнім алған. Алайда, су тапшылығынан 1400 гектардың 300 гектарына егілген күрішті мал азығы ретінде шауып алуға тура келген. Салдарынан компания бірнеше миллион теңге шығынға батқан.

«Тасмұрын каналында шлюз салу мәселесі ұзаққа созылып кетті. Бұл проблема тезірек қолға алынбаса, ендігі жылы да шығынға ұшырауымыз ғажап емес. Күріш зауытының өндіріс қуаттылығы да төмендейді», — деді компания басшысы Алмас Қыстаубаев.

Сонымен қатар серіктестік басшысы 5600 гектар жерді ауыспалы егістік ретінде пайдаланып отырғанын айтты.

«Егер күріш пен жоңышқаның орнын ауыстырып тұрмаса, топырақ сорға айналып, тұз басқаннан мүлде өнім бермейді. Оны қалпына келтіру үшін 5-6 жыл жоғалтамыз», — деді Алмас Қыстаубаев.

Мәселені тыңдаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жобалық-сметалық құжатты тез арада жасап бітіру керек екенін атап өтті.

«Мемлекеттік сараптамадан қазанда шықса, жобалық-сметалық құжатқа өзгеріс енгізіңдер. Кейіннен қараша айында құжаттар дайын болып, конкурс ойнатылуы тиіс», — деді Марат Сұлтанғазиев ауыл шаруашылығы басқармасының өкіліне.

Айта кетейік, Балқаш ауданында 28 мың гектардан астам суармалы жер бар. Сондай-ақ ауданда суармалы су мәселесін шешу мақсатында плотина салу жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыБалқаш ауданыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz