Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Ернат Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

28.02.2023
Сұхбат

Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Шылбыұлы Тұяқов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Тегтер: жаңа лауазымЖетісу облысытағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz