Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының «Үздік ауыл әкімі» анықталды

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бейсенбеков Бақыт Рыскелдіұлы өңірлік конкурстық комиссияның шешімімен Алматы облысындағы «Үздік ауыл әкімі» атанды. Ол бес ауылдың әкімінен үздік болып шыққан, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.09.2022
Сұхбат

Естеріңізге сала кетейік, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елдімекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтайды.

Бақыт Рыскелдіұлының айтуынша, 2010 жылы еңбек жолын кіндік қаны тамған жерден ауыл әкімі болып бастаған. 2021 жылдың сәуір айында Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі боп сайланды.

Айта кетерлігі, ауылдық округте жергілікті халықтың әл-ауқатын, материалдық жағдайын, халықтың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Ауылда 2,5 мың тұрғын болғанымен жұмыс көлемі 55 мыңға жуық адам тұратын ауылдық округтермен бірдей. Өңірде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Алты, бес қабатты үйлердің құрылысы аяқталуға жақын және үш, бес қабатты үйлерге арналған қазаншұңқырлар салынып жатыр», — деді әкім.

Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылдық округінің үлкен проблемасы 1970 жылы салынып, 90 пайыз тозығы жектен кәріз жүйелерінің мәселесі де басты назарда. Сонымен қатар үш ауысымды мектептерді болдырмау да жүйелі жолға қойылған.

«Қазір 1500 орындық мектеп салынып жатыр, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп отырмыз. Ұзынағаш ауылында барлығы 8 мектеп бар, олар 120% жүктелген, сондықтан 600 орындық бір мектепті салу жоспарда бар», — деп атап өтті ауыл әкімі.

Әкім Ұзынағаш ауылының тұрғындарын кәріз желісімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Айта кетерлігі, кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 21,8 шақырым, сүзгі алаңының ауданы 14 гектар. Ауылда 2021 жылдан бастап, кәріз жүйелерін қайта құру және салу жобасы дайындалып жатыр. Бүгінде сараптамаға беріліп, жоба құны шамамен 7 млрд теңгеге жеткен. Жоба аясында ауданы 130 га сүзу алаңдары және ұзындығы 81 шақырым кәріз желісі салынбақ. Нәтижесінде жаңа кәріз жүйесі 100 бюджеттік және әкімшілік ғимарат пен жеке қосалқы шаруашылықтың 5 мың ауласына қызмет көрсетуге есептелген. 10 мыңнан астам үй кәріз желісімен қамтылады.

Сондай-ақ ауылдық округті сумен жабдықтаудың үшінші кезегі аяқталған. 2024 жылға қарай ауыл 100% таза ауыз сумен қамтылмақ. Тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Алдағы уақытта көше жарығын қайта құру, жаңа құрылыстарды толық электрлендіру, саябақты қайта құру сынды басқа да жұмыстар атқарылмақ.

Тегтер: Жамбыл ауданыҮздік ауыл әкіміҰзынағаш

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: В Алматинской области прошла масштабная акция по уборке мусора, в которой приняли участие 47 тысяч человек

Николай Иващенко
25.04.2026

В Алматинской области в рамках акции «Таза Қазақстан» состоялся телемост с участием президента

Николай Иващенко
25.04.2026

Прокуратура Атырауской области предупреждает об уголовной ответственности за покупку осетровой рыбы и икры

Николай Иващенко
25.04.2026

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Николай Иващенко
25.04.2026

Найденные человеческие останки на стройке больницы напугали жителей ВКО

Николай Иващенко
25.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz