Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің студенттерімен кездесті

Бүгін Алматы облысының әкімі Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы Университет (СДУ) жұмысымен танысты.

20.12.2022
Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Өңір басшысы университеттегі цифрландырылған кітапхананы, SDU Store дүкенін, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген асхананы, Теннис алаңын аралады.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 7
- +

«Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында Қонаев қаласын ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек екенін айтты. «Академиялық қалашықты» құру бойынша құзырлы министрлікпен бірлесе жұмыс істейміз. Облысты дамытуда, алға қойған жоспарларды жүзеге асыруда жастар үлкен рөл атқарады. Биыл мектеп түлектеріне 100-ге жуық грант бөлінеді. Қонаев қаласы жаңадан серпін алып келе жатқандықтан, жастарды облысқа тарту үшін бірқатар жұмыс қолға алынады», – деді университетті аралаған Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ ол университетте жаңадан ашылған «Самғау» жас мемлекеттік қызмет мектебінде дәріс берді. Лекция «Әкімдік іс жүзінде қалай жұмыс істейді және бұл ел экономикасының дамуына қалай әсер етеді?» тақырыбында өтті.

СДУ студенттері облыс әкіміне қоғамдық көлік, «Алтын ауыл» ықшам ауданының тазалығы, интернет мәселесіне байланысты сұрақтар қойды.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 10
- +

Анықтама: СДУ 1996 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия мемлекетінің 9-Президенті Сулейман Демирельдің қатысуымен ашылды. Университеттің стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу. Білім ордасы бүгінгі таңда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы 14 гектарлық алаңда орналасқан. Заманауи талаптарға сай 40 мың шаршы метрлік кампус пен 20 000 шаршы метрлік жатақханасы бар. Қазіргі таңда 8 мыңнан астам студент білім алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарМарат СұлтанғазиевСДУ

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz