Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімдігі ұсталардың шағымына жауап берді

Естеріңізде болса, 28 шілде күні Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен болатын, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2023
Сұхбат

Бағдарлама аясында сағат 11.00-ден 11.55-ке дейін ауыл шаруашылығы көрмесі, шеберлік сағаттары өтті. Сағат 12.00-де фестивальдің ресми ашылуы болды. Ал сағат 14.30-16.30 аралығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

«Алдын ала белгіленген бағдарламаға сай, Қымызмұрындық кешкі сағат 17.00-де аяқталуы тиіс еді. Алайда, ұсталар М. Құлменов пен Б. Махмұтұлы көрмелерін сағат 14.30-да жинай бастады. Олар киіз үйдің бірінен түскі ас ішкен соң, ұйымдастырушылар сағат 15.30-ға дейін Алматы қаласына жүретін көлік тауып берген», — делінген әкімдіктің ақпаратында.

Кейінірек, әлеуметтік желілерде Б. Махмұтұлы ұйымдастырушылардың көлік тауып бермей, көшеде 2 сағат такси күткендерін айтып шағымданған бейнеүндеуі тарады.

«Аталған дерекке сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ішкі талдау жүргізді. Жауапты мамандардың қатысуымен Кеген ауданының әкімдігінде жиналыс өткізілді. Жиында аталған келеңсіз жағдай егжей-тегжей талқыланып, мамандарға бірқатар нұсқаулар берілді», — деп жазды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz