Мұрат Бақыткерімұлы Мәдіғұлов 1978 жылы дүниеге келген. 2000 жылы, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, мамандығы — мал шаруашылығы менеджері, 2006 жылы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, мамандығы — есеп және аудит, 2017 жылы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, мамандығы — құқық магистрін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Руби-Роз Агрикол» ЖШС филиалының зоотехнигі болып бастаған.
2015-2017 жылдары Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.
2017-2019 жылдары Еңбек инспекциясы басқармасы басшының орынбасары.
2019-2020 жылдары Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2021-2023 жылдары Іле ауданы әкімінің орынбасары.
2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.