Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жаңа Зеландиядағы өрт 10 адамның өмірін жалмады

Сейсенбі, яғни 16 мамырда Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтондағы жатақханада шыққан өрттен кем дегенде он адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

16.05.2023
Арнайы жоба
Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Елдің құқық қорғау органдарының мәліметінше, өртеніп жатқан ғимараттан 52 адам құтқарылған.

«Біз ғимаратқа кіріп, тұрғындардың санын нақтыламайынша, нақты қанша адамның қайтыс болғанын немесе із-түзсіз жоғалғанын анықтау мүмкін емес. Қазір мүмкіндігінше тезірек анықтауға тырысыпи жатырмыз», — деді полиция.

Олар тергеудің қазіргі кезеңінде өрттің шығу себептері туралы айту әлі ерте екенін түсіндірді.

Сондай-ақ кем дегенде 24 адамның жараланғаны хабарланды. Олардың көпшілігіне сол жерде медициналық көмек көрсетілді, бірақ төртеуі Веллингтон ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жатқызылды. Олардың үшеуінің жағдайы тұрақты, төртіншісінің жағдайы ауыр деп танылып, жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Қала орталығына жақын орналасқан жатақханадағы өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00 шамасында (Астана уақыты бойынша 15 мамырда 19:00) басталып, оқиға орнына 20 өрт сөндіру бригадасы жіберілген, өрт тек таңертең ауыздықталды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: ВеллингтонЖаңа Зеландияөрт

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz