Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығынан жеті адам зардап шекті

4 қаңтарда «KEGOC» АҚ Жамбыл облысындағы жарықтың сөну себебін атады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

04.01.2023
Арнайы жоба

Кәсіпорынның мәліметінше, 3 қаңтарда Жамбыл облысында 30 м/с-қа дейін соққан дауылды жел мен көктайғақ түріндегі жауын-шашын салдарынан «Опорная» қосалқы стансасын (KEGOC» АҚ теңгеріміндегі) электрмен қамтамасыз ететін 220 кВ әуе желілері үзілген.

Компанияда атап өткендей, әуе желілерін тексеру үшін «KEGOC» АҚ-ның қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған жедел топтары жұмылды.

«Түнгі тексеру нәтижесінде құлаған тіректер, сынықтар мен сымның зақымдануы анықталды. 4 қаңтар күні сағат 03:36-да бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады», — деп хабарлады «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.

3 қаңтарда Жаңатас қаласында Сарысу ауданы әкімінің қаулысымен дауылды желдің болуына байланысты табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде екпіні 30 м/с болатын қатты жел соққан.

4 қаңтарда қатты дауыл салдарынан жеті адам зардап шеккен. Оның бесеуі Талас ауданында, екеуі – Таразда.

«Жағдай тұрақталғаннан кейін қысқа мерзімде электр желілері қалпына келтіріледі. Жуалы, Талас, Жамбыл, Байзақ, Мойынқұм, Шу, Қордай, Рысқұлов, Меркі аудандарында тұрғын үйлер штаттық режимде электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілді», – деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Сондай-ақ, Сарысу ауданында орталық аурухана төрт генераторға қосылған. Қазіргі уақытта ауруханада 40-қа жуық адам ем алып жатыр. Балалар автономды жылуы бар жақын маңдағы емханаға ауыстырылды.

Жүкті әйелдерге арналған перзентхана арнайы жылыту құралдарымен жабдықталды.

Тегтер: ауа райыЖамбыл облысыжарық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz