Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ұйғыр ауданында екі бала мен әкесі жанып кетті

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округіне қарасты Кепебұлақ ауылында әкесі мен екі баласы жанып кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

28.02.2023
Арнайы жоба
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Оқиға 24 ақпанда болған. Балалардың анасы мұғалім болып қызмет атқарған. Ол 110 шақырым жердегі аудан орталығы Шонжыға жиналысқа кеткен. Отағасы 39 жастағы азамат балабақшадан 3 жасар баласын алып келеді, ал бастауышта оқитын 7 жастағы ұлы сабақтан өзі келген. Ер адам газға сүт қойып, сол күйі ұйықтап кеткен. Есікті іштен жауып алған. Көршілерінің болжамынша, балалар сыртқа шығып кетпесін деген болуы мүмкін.

Үйден өрт шығып жатқанын байқаған көршілері құтқармақ болып тұра ұмтылғанымен есікті аша алмаған. Шағын терезені сындырғанымен ішке кіре алмайды. Өйткені бұл уақытта үйдің төбесіне дейін жанып кеткен. Баспананың жалпы ауданы — 40 шаршы метр, шағын ғана екі ауызды болған. Өкінішке орай, балалар мен әкелерін тілсіз жаудан құтқару мүмкін болмады.

Ауыл тұрғындары ұялы байланыс болғанда марқұмдарды ажалдың аузынан алып қалар ма едік, деп күйінеді. Өйткені олар құтқарушыларға телефон шала алмаған. Екі баланың денесін үй ішіндегі терезе алдынан тапқан. Балалар құшақтасқан күйі көз жұмған.

Облыс әкімдігінің айтуынша, Кепебұлақ ауылында Тele2/Аltel және Beeline байланыс операторларының 2G стандартындағы байланысы ғана бар.

«Ауылдың орналасқан жер бедерінің ерекшелігіне байланысты байланыс тұрақты емес. Ауыл мектебіне талшықты-оптикалық байланыс орнатылған жағдайда тұрғындарды радиокөпір технологиясы арқылы интернетке қосуға болады. Жоғары жылдамдықты интернетті қосу үшін осы жылы қайтадан қаражат бөлініп, конкурс жарияланады», — деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кепебұлақ ауылын интернетпен қамту қазіргі уақытта әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарына қосылды.

Баспасөз қызметінің айтуынша, Цифрлық даму министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және байланыс операторлары аталған мәселені толық бақылауда ұстап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Тегтер: Алматы облысыоқиғаөртҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Глава государства принял исполнительного вице-президента Dubai World Trade Center Трикси Лохмирманд

Николай Иващенко
04.05.2026

Закон о специальном правовом режиме города Алатау проверил Конституционный суд

Николай Иващенко
04.05.2026

Ночью в горах Заилийского Алатау найдены и спасены две потерявшиеся девушки

Николай Иващенко
04.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
04.05.2026

Снова в воде: терминалы аэропорта Алматы снова затопило дождевыми водами

Николай Иващенко
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz