«26 қазанда сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауды. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарындағы жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Сонымен қатар Қазығұрт ауылында 2 жасар баланың өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суы толған шұңқырға құлап, көз жұмғаны анықталды», — делінген хабарламада.
ТЖМ аудандардағы табиғат апатына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.





