Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы қазандықтардың бірінде болған жарылыс туралы ақпарат шықты.

11.01.2023
Арнайы жоба
фото: видеодан кадр

фото: видеодан кадр

Instagram-дағы taldykorganec.insta_ парақшасында жарылыс орнынан түсірілген видео жарияланды.

«Талдықорғандағы 2-шағын ауданда жылу қазандығы жарылды», – делінген видеода.

Кадрларда терезелері қираған ғимаратты көруге болады.

Қала әкімдігінің қазандықтың жарылуына байланысты түсініктеме беріп үлгерді.

«Қазандық бір сағатта қалпына келеді. Оның резерві бар», – деп хабарланды.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шакеновтың айтуынша, жарылыстың кесірінен 280 абонент жылусыз қалды. Оқиға қаладағы 2-шағын ауданда орналасқан N1 жылу қазандығында болған.

«280 абонент жылусыз қалды. Оның ішінде жеке және көпқабатты үйлер, бизнес нысандары — бәрі бар. Жарты сағатта резервте тұрған қазандық іске қосылады», – деді ол.

Қазір Талдықорғанда ауа температурасы -11 градус аязды көрсетіп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)

Тегтер: жарылысЖетісу облысықазандықТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz