Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Тәжікстанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 13 адам қаза тапты

Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі мәлім етті.

28.08.2023
Арнайы жоба

«Кеше толассыз жауған жаңбыр салдарынан Вахдат қаласы мен Рудаки ауданында табиғи апат болып, соның салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде Вахдат қаласында 11 адам және Рудаки ауданында 2 адам бар», — делінген хабарламада.

Эмомали Рахмон қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, елдің премьер-министріне, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да құрылымдарға табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді, сондай-ақ төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетсек, жексенбі күні Душанбеде және елдің басқа да аймақтарында жауған нөсер жаңбыр салдарынан жолдарды су басып, соңы селге ұласты.

Республикадағы жолға қызмет көрсететін IRS компаниясының хабарлауынша, сел Душанбе – Чанак жолын шайып кеткен, соның салдарынан бірнеше көлік зақымдалып, тасжол жабылған. Оқиға орнында жол тазалау техникасы жұмыс істеп жатыр. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде жолдарды су басып жатқанын көрсететін видеолар жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін, яғни дүйсенбі күні де Тәжікстанда жаңбыр жауады.

Тегтер: Тәжікстан

Соңғы жаңалықтар

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында қой жүнін терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы облысы қарағай өсіруден көш бастап тұр

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы облысында педагогтерге арналған оқыту семинары өтті

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz