Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Шахтинскіде өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерінің денесі табылды

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің денесін тапты.

24.04.2023
Арнайы жоба

Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған.

Қайғылы оқиға 23 сәуір түскі уақытта болған. 112 қызметінің диспетчерлеріне бес қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«23 сәуір сағат 13:01-де Шахтинск қаласында Жеңіске 40 жыл көшесі, 79-шы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. ТЖ департаментінің күшімен кіреберістегі пәтерлерден 9 адам эвакуацияланды. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Қарағанды ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қайтыс болған адамның денесінен пышақ жарақатының ізі табылған. Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: өртпәтерШахтинск

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz