Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрттен бір адам қаза тауып, алтауы ауруханаға түсті

Қостанайда қару-жарақ дүкені өртеніп, ғимараттың жертөлесінен ер адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

03.09.2022
Арнайы жоба
ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

«Жертөледен ер адамның денесі шығарылды, оның жеке басы әзірге анықталған жоқ. Сонымен қатар, қалалық ауруханаға 1981 жылы туған ер адам жеткізілді», — деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, қару-жарақ дүкеніндегі өрттен 7 адам зардап шеккен.

«Жеті адам зардап шекті, олардың алтауы түрлі деңгейдегі күйікпен стационарға жеткізілді, біреуі ауруханаға жатудан бас тартты», — деп хабарлады басқармадан.

Оқиға орнына 6 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген. Өрт болған маңайдағы тұрғындарға да медициналық көмек көрсетілді. Тұрғындар негізінен қан қысымының көтерілуі мен бас ауруына шағымданған.

Айта кетсек, бүгін сағат 11:20-да Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан «Оружейная палата» дүкенінің ғимараты өртенді. Жалын оның жанындағы көлік жөндеу стансасының шатыры мен асхана ғимаратын да шарпыды.

ТЖМ баспасөз қызметі қару-жарақтың жарылуына байланысты құтқарушылардың дүкен ішіне өте алмай жатқандығын жеткізген еді. Ал, дүкен иесі ғимарат жертөлесінде 2 адам барын айтқан болатын.

Белгілі болғанындай, дүкендегі өрт сағат 14:29-да сөндірілді, себебі анықталып жатыр.

Тегтер: Қостанайөрт

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz