Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Польшаның Украинамен шекарасына ракета құлады

Польшаның Украинамен шекарасына ракета құлады. Польшаның Radiozet радиосының мәліметінше, Польшаның Сыртқы істер министрлігі «ресей өндірісінің» ракеталары құлағанын растап, Ресей Федерациясының елшісінен шұғыл түсініктеме беруді талап еткен.

16.11.2022
Арнайы жоба

Екі ракета сейсенбі күні Люблин провинциясының Пшеводов ауылына түскен. Екі адамның қаза болғаны хабарланады.

Ал Polska Agencja Prasowa сайты РФ елшісі Сергей Андреев Польша Сыртқы істер министрлігіне жеткенін, онымен әңгіме өткенін жазады. Бұл туралы басылым Польша СІМ баспасөз хатшысы Лукаш Ясинаға сілтеме жасап хабарлайды.

ВВС агенттігінің жазуынша, Украинамен шекараға ракеталар құлағаннан кейін Польша Үкіметі шұғыл кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша премьер-министр Петр Мюллер Польша НАТО-мен келісімнің 4-бабын іске қосуды қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл бап Альянстың мүшелерінің біріне төнген қауіп бойынша консультацияларды бастауды қарастырады.

Сондай-ақ аталған агенттіктің жазуынша, сәрсенбіге қараған түні өткен шұғыл кеңесте Польша Президенті Анджей Дуда Пшеводовте бір ғана жарылыс болғанын және оның қайталанатынына әзірге белгілер жоқтығын айтты.

«Қазіргі сәтте ракета қайдан ұшырылғанына қатысты жеткілікті дәлелдер жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді А. Дуда.

Рolskieradio-ның хабарлауынша, Польша елдің қарулы күштерін жауынгерлік даярлық күйіне келтіреді.

«Біз жекелеген әскери бөлімшелердің және өзге унификацияланған қызметтер күшін даярлық жағдайына келтіреміз», — деді Үкімет басшысы Пётр Мюллер.

Тегтер: Украина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz