Екі ракета сейсенбі күні Люблин провинциясының Пшеводов ауылына түскен. Екі адамның қаза болғаны хабарланады.
Ал Polska Agencja Prasowa сайты РФ елшісі Сергей Андреев Польша Сыртқы істер министрлігіне жеткенін, онымен әңгіме өткенін жазады. Бұл туралы басылым Польша СІМ баспасөз хатшысы Лукаш Ясинаға сілтеме жасап хабарлайды.
ВВС агенттігінің жазуынша, Украинамен шекараға ракеталар құлағаннан кейін Польша Үкіметі шұғыл кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша премьер-министр Петр Мюллер Польша НАТО-мен келісімнің 4-бабын іске қосуды қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл бап Альянстың мүшелерінің біріне төнген қауіп бойынша консультацияларды бастауды қарастырады.
Сондай-ақ аталған агенттіктің жазуынша, сәрсенбіге қараған түні өткен шұғыл кеңесте Польша Президенті Анджей Дуда Пшеводовте бір ғана жарылыс болғанын және оның қайталанатынына әзірге белгілер жоқтығын айтты.
«Қазіргі сәтте ракета қайдан ұшырылғанына қатысты жеткілікті дәлелдер жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді А. Дуда.
Рolskieradio-ның хабарлауынша, Польша елдің қарулы күштерін жауынгерлік даярлық күйіне келтіреді.
«Біз жекелеген әскери бөлімшелердің және өзге унификацияланған қызметтер күшін даярлық жағдайына келтіреміз», — деді Үкімет басшысы Пётр Мюллер.