Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Петропавлда жарылыс болды: 9 адам зардап шекті

Петропавлда 17 қараша күні көлік жөндеу стансаларының бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Алдын ала болжам бойынша, стансадағы көліктердің бірінде тұрған газ қондырғысы жарылған. Салдарынан 9 адам жарақат алды.

18.11.2022
Арнайы жоба

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды, үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді, біреуі ауруханаға жатуға бас тартқан.

«Жарақаттанғандардың барлығы ер адам. Жастары 24 пен 50 аралығында. Төрт адам жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Олардың беті, екі қолы, иығы, енді бірінің аяғы мен белін күйік шалған. 50 астағы ер адам жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне орналастырылды. 46, 30 және 26 жастағы үш сырқат үйіне емделуге жіберілді. Бұл адамдарда да жарақат ұқсас, беттері мен қолдары күйіп қалған. Ал 33 жастағы ер адамның беті-қолынан бөлек құлақтарын да күйік шалған, алайда ол ауруханаға жатып емделуден бас тартты», — деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Тегтер: жарылысПетропавлСҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz