Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Іле ауданында 500 орам шөп өртеніп кетті

Бүгін түнде Іле ауданында мал шаруашылығымен айналысатын азаматтың 500 орам шөбі өртеніп кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

25.09.2022
Арнайы жоба
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, бұған дейін де қысқа жиналған мал азығын әлдекімдер өртеп кеткен.

«Біздің мұңымызды мал бағатын адамдар ғана түсінеді. Бұған дейін жинаған шөпті қасақана біреулер өртеп кетті. От жаққандардың көлік нөмірін суретке түсіріп, полицейлерге жолдағанымызбен, еш шара қолданылмады. Бүгін тағы 500 орама шөп өртенді. Ал қақаған қыс қылышын сүйретіп келуіне аз уақыт қалды», — деп жазылған Instagram-дағы парақшаның бірінде.

Бұл жазбада тұрғындар облыстық прокуратураның аталған іске араласып, кінәлілерді жазалауын сұрайды.

Ашық дереккөзден

«24.09.2022 ж. сағат 21:52-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Іле ауданында, Алматы-Жетіген тас жолының 32 шақырымында, «Ұлжан» шаруашылығында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл шаруашылыққа ТЖД 5 қызметкері мен 1 техника шықты», — дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлмира Әбілқасымова.

Оның айтуынша, шөпті жалмаған жалын сағат 23:50-де ауыздықталып, сағат 01:28-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Jumagazy Aqerke (@akerke_zhumagazy)

Тегтер: Іле ауданыоқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz