Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Дубайға 3 келі алтын алып өтпек болған азамат ұсталды

Алматы әуежайында Дубайға 3 келі алтын алып өтпек болған Қытай азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.09.2022
Арнайы жоба

«Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелері Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуді жүзеге асырмақ болған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Контрабанда мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы жүзеге асырылды», — деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, «сәлемдемені» алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында ҚХР азаматы ұсталды. Күдіктінің сыбайласы алтынды әуе арқылы Алматыдан Дубайға жеткізуі керек болған. Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады. Тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді. Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу қымбат металдың шығу көзін және қылмыстық топтың басқа да сыбайластарын анықтауда», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Тегтер: Дубайқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz