Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Бурабайда дәмхана өртеніп, 4 газ баллоны жарылды

Ақмола облысының Бурабай ауданында 40-қа жуық өрт сөндіруші жазғы дәмханада орын алған өртті сөндірді, деп хабарлайды alataunews.kz өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

05.07.2023
Арнайы жоба

Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама 5 шілдеде сағат 03.09-да түскен.

Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді.

Қабылданған жедел іс-шаралардың арқасында сағат 04.13 оқшауланған өрт, 05.04-те жойылды.

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны анықталды. Бұл, хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде 4 газ баллоны жарылып, бұл жалынның көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына әсер етті. Жедел қабылданған шаралар оттың тұрғын үйлерге таралуының алдын алды», — деді Щучье қалалық жасағының бастығы Руслан Базарбаев.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Өрт болған жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына хабарласу қажет.

 

1 of 2
- +
Тегтер: Ақмола облысыБурабайгаз баллоныжарылыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz