Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Атырау облысында жол апатынан 7 адам мерт болды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды.

16.07.2023
Арнайы жоба

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 16 шілдеде болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу бағытындағы тасжолының 82-шақырымы тұсында Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігі жолдың қарсы жолағына шыққан. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал, 2 жолаушы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр.

«Көлік жүргізушілеріне жол апатының арты ауыр зардапқа әкеліп соқтыратынын ескертеміз. Сол себептен, жүргізушілер өзінің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамағаны жөн. Жол апатына ұшыраған екі автокөліктің жүргізушісі бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталып отыр», — деді Әділбек Шахметов.

Тегтер: Жол апаты

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz