Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда үш жастағы баланың асқазанынан батарея отасыз алынды

Алматылық дәрігерлер үш жасар бала жұтып қойған батареяны отасыз алды.

02.12.2022
Арнайы жоба

Баланың ата-анасы Алматы қалалық Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген. Сәбидің анасы баласының қолындағы шынашақтай батареяны кенет аузына салып, жұтып қойғанын айтқан.

«ФГДС зерттеуі бөгде заттың барын көрсетті — асқазанның төменгі жағында шынашақтай кішкене батарейка табылды. Балалар жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері баланың денесінен қауіпті затты шығаруды дереу қолға алды. Себебі, батареяны жұтқан соң, қабыну процесі бірнеше сағат ішінде басталады. Бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабығының күйіп кетуіне, тіпті осы органдардың перфорациясына әкелуі әбден мүмкін», — деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

«Батареяны шығару кезінде ол қайта-қайта өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен, дәл жоғарғы физиологиялық тарылу аймағында сырғып кете берді. Содан біз батареяны жоғарғы үштен бір бөлікке жеткізіп, оның артына Фолей катетерін қоюды шештік. Батарея Дормия кәрзеңкесінің (эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстағы тастар мен түрлі бөгде денелерді алып тастауға арналған құрал) көмегімен алынды. Содан кейін Фолей катетері үрленіп, эндоскоптық түтік және бөгде денені ұстап алған Дормия себетімен бірге асқазан мен өңештен сәтті шығарылды», — деді Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирург-эндоскопист дәрігері Мұрат Дүйсебаев.

Осыған орай, хирургиялық ота жасаудың қажеті болмаған.

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz