Тонау дерегін Бостандық ауданының полиция қызметкерлері анықтады.
«Қылмыс түн жарымда Ғабдуллин мен Манас көшелерінің қиылысында болды. Үш жас жігіт күш қолданып, 19 жастағы жасөспірімнің ұялы телефоны мен құлаққабын ұрлап кеткен. Қылмыстық жоспар студенттердің басына әп-сәтте келді. Олардың әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізгеннен кейін, жәбірленушіге жүгіріп барып, қолынан ұялы телефон мен құлаққапты жұлып алып, қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сол күні 27 жастағы Ж.есімді азамат пен 25 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Үшінші қатысушы қазір іздеуде, бірақ оның жеке басы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Ұялы телефон мен құлаққап тәркіленіп, айғақты зат ретінде іске қосылды», – деді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты айыпталушыларға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Олардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.