Әлеуметтік желіде осыған қатысты бейнежазба тарап кетті және марқұмның 2000 жылғы екені айтылған. Бейнежазбада белгісіз ер адамның қайғылы даусын естуге болады. Куәгерлердің айтуынша, келіншектің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған.
«Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция Басқармасымен ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — дейді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбек.





