Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының спортшылары Түркияда тарихи жеңіске жетті

Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылының жас спортшылары халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Арнайы жоба, Жаңалықтар

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының «Ауыл спорт – 2025» жобасының жеңімпаздары 2026 жылғы 25–29 наурыз аралығында Түркияның Анталия өңіріндегі Сиде қаласында өткен «Antalya Volleyball Friendship Cup U-16» халықаралық жастар турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді.

Аталған додада Жетісу облысының қыздар командасымен қатар, Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының ұлдар командасы Қазақстан намысын қорғады. Ауылдан шыққан жас спортшылардың табандылығы мен қажырлы еңбегі оларды үлкен жеңіске жеткізді.

Қор жарысқа дейінгі дайындық кезеңі де жоғары деңгейде ұйымдастырды. Қыздар командасы Алматыдағы кәсіби волейбол орталығында жаттықса, Алматы облысының ұлдар құрамасы Балқаш ауданы Бақанас ауылында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, физикалық дайындығын шыңдаған. Бұл олардың әр ойында сенімді өнер көрсетуіне мүмкіндік берді.

«Балалар біз күткеннен де жақсы нәтиже көрсетті. Қор барлық шығынды – оқу-жаттығу жиындарын, жолды, жатын орынды, тамақты толық қамтамасыз етті. Ауыл балалары үшін бұл – үлкен мүмкіндік», – деді бапкер Ғалым Ғайнол.

Турнир барысында қазақстандық командалар қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты. Қыздар финалда Түркияның «GAZI» клубын 2:0 есебімен ұтса, Алматы облысының ұлдар құрамасы да дәл осы қарсыласты 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықұлы бұл жеңістің маңызын атап өтті.

«Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі. Ауылдан шыққан спортшылар халықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк туымызды биікке көтерді. Бұл – жастарға мүмкіндік берудің нақты нәтижесі», – деді ол.

Жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да марапатталды. Қыздар құрамасының шабуылшысы Құралай Бәкен мен Алматы облысынан Адмир Махамеджанов турнирдің үздік ойыншылары атанды.

Жеңімпаздардың бірі Мағжан Әріпжанов бұл жетістіктің артында үлкен еңбек тұрғанын айтты.

«Бұл – тек біздің емес, бүкіл ауылдың арманы. Біз әр ойында ел намысын қорғауға тырыстық», – деді ол.

Айта кетейік, «Antalya Volleyball Friendship Cup U-16» – жыл сайын Түркияда өтетін халықаралық жастар турнирі. Қазақстандық командалар бұл додада сәтті дебют жасап, бірден чемпион атанып, өз әлеуетін дәлелдеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Алматы облысының спортшылары Түркияда тарихи жеңіске жетті

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Қонаевта 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылуда

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Шонжыдағы аудандық кітапхана жаңғыртылып, заманауи орталыққа айналды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz