Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жыл басынан бері 457 өрт тіркеліп, салдарынан 14 адам қаза тапты

Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылында азық-түлік дүкені мен көрші тұрған тұрғын үйлер өртенді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.11.2022
Арнайы жоба

Оқиға 14 қараша сағат 00:06-да болған. Дүкенде электр желісінен шыққан өрт ғимаратты күлге айналдырған. Сондай-ақ дүкен жанындағы екі баспананың бірі толық, ал екіншісінің шатыры жанып кеткен.

«Мен үш баламмен далада қалдым. Босып, туыстарымыздың үйінде жүрміз. Дүкеннің иесіне шығынды өтеп бер деп отырмын. Бірақ ол келісер түрі жоқ. Маған келген шығын 8 млн теңге. Енді сотқа жүгінеміз», — дейді баспанасы өртенген Тимур Титаренко.

Ал азық-түлік дүкенінің иесі 33 млн шығынға батқанын айтады.

«Бірде бір затты алып шыға алмадық. Әп-сәтте өртеніп кетті. Дүкенге көрші тұрған екі баспананың шығыны — 11 млн теңге. Өзім 33 млн теңгенің тауарынан айырылдым. Қазір көршілерге беретін көк тиыным жоқ. Олар түгел төлеп бер деп, талап етіп отыр», — дейді дүкен иесі Мадина Досанова.

Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша өртке қарсы қызмет дереу жіберілген. Қашықтық 15 шақырым болғандықтан өрт сөндірушілер 25 минутта келген. Өрт 01:51-де сөндірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында 457 өрт тіркеліп, салдарынан 14 адам көз жұмған.

Тегтер: оқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz