Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жол апатынан алты адам зардап шекті

Алматы облысында BMW және Daewoo көліктері соқтығысып, алты адам зардап шекті. Арасында кәмелетке толмаған бірнеше адам бар, деп хабарлайды polisia.kz.

02.05.2023
Арнайы жоба
Фото: видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жол апаты «Байсерке – Тілендиев» тас жолының жиырма алтыншы шақырымында болған.

«Жігіттер, көлікті асықпай жүргізіңіздер. Қазір бұл көлікте балаларымыз жатыр, біз қазір ауруханаға бара жатырмыз», — дейді видео авторы.

Балалар ауыр жараланған, бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облысының полиция департаменті апат 30 сәуірде Іле ауданындағы Төңкеріс — Байсерке — Қараой — Межуреченск автожолында болғанын хабарлады. 20 жастағы Daewoo жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағына тоқтағанда BMW көлігі келіп соғылған. Салдарынан көліктің бірі аялдамаға соғылған.

«Жол апатынан алты адам зардап шекті, оның ішінде бірнеше кәмелетке толмағандар бар. Олардың бірі, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірім, әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қалғандары медициналық тексеруден кейін үйге жіберілді. Тергеу қылмыстық кодекстің 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша жүргізіледі», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствада жол апаты бойынша мән-жайларды зерттеудің толықтығы мен объективтілігі үшін барлық қажетті сараптамалар жасалып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыЖол апаты

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz