Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жол апаты болып, қоршау көлікті тесіп өткен

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты.

19.07.2023
Арнайы жоба

Оқиға 18 шілдеде сағат 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлді басқара алмаған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен. Алматы облысы ПД қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Конаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жүргізуші жансақтау бөлімінде алған жарақаттарынан қаза тауып, екі жолаушы зардап шекті. Екі жолаушы да Қонаевтағы ауруханаға жатқызылды.

Желі қолданушыларының айтуынша, қаза тапқан жүргізуші жаттықтырушы болған.

«Баламның футболдан жаттықтырушысы қаза тапты. 97 жылғы еді, жүргізуші көлік айдап ұйықтап кетіпті. Иманды болсын», «Ұйқы қысса ұйықтап алған дұрыс жолда, мәңгі ұйқыға кеткенше», «Жолда бара жатқан кезде көп жерде бейіт бар, сол жерлерде асықпай қол жайып, бар білгенін оқып өту керек, көп жерде байқаймын бейіттің жанынан басып айдайды», — деп жазған пікір қалдырғандардың бірі.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz