Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен жігіт құтқарылды

Облыстық ТЖД мәліметінше, 24 қыркүйекте сағат 19:47-ден бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылының таулы жерінде құтқарушылар күшімен 1989 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді.

25.09.2023
Арнайы жоба

«Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейнежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған», — делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді.

«Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және туристік маршруттарда сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz