Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында мектеп оқушыларының кварцтан көзі күйіп қалған

Бұл жайттан кейін мектеп директоры жұмыстан кетті

31.10.2022
Арнайы жоба

Алматы облысы Іле ауданындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 3 сағат кварц қосылған сыныпта отырған. Бұл туралы «Қоғамдық бақылау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Төлеуов мәлімдеді.

Бір күнде 18 оқушы көз дәрігеріне жүгінген. Бұл жайт болғаннан кейін арнайы комиссия құрылды.

«Барлық ведомстволар дереу жұмылдырылды. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, балалар омбудсмені, білім департаменті, балалардың ата-аналары. Комиссия құрылды, мен де оның құрамына кірдім. Көшпелі мониторинг жүргізіп, барлық мән-жайды зерделедік. Балалардың көзінің қасаң қабығы күйіп қалған», — дейді «Қоғамдық бақылау» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Төлеуова.

Анықталғандай, кварц оқушылар мемлекеттік емтихан тапсырып жатқан кезде қосылып тұрған. Оны тіпті мұғалімдер де байқамапты. Бір күнде 11 сыныптың 18 оқушысы офтольмологқа жүгінген.

«Мектептегі жағдайды ең алдымен ата-ана айтып хабарласты. Сыныпта оқушылармен бірге үш мұғалім де отырған. Желдетілмеген сыныпта оқушылар мемекеттік емтиханды тапсырып бітпегенше сыртқа шыға алмаған. Яғни, тәртіп сондай.

Бұл жағдай Алматы облысы Іле ауданындағы № 20 жалпы білім беретін мектепте мамыр айында болған. Осыдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасары жұмыстан босатылды», — деді «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Төлеуова.

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz