Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында ер адам мен оның үш баласы газға уланып көз жұмды

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

07.10.2022
Арнайы жоба

Қайғылы оқиға 6 қазанда Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жомарт» саяжайында болған.

Белгілі болғандай, газдан уланып, бүкіл бір отбасы көз жұмған. 52 жастағы ер адам мен оның үш ұлы қайтыс болған. Балалардың үлкені 13 жаста, екеуі 8 жасар болған.

Ведомствоның мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі пропан газынан уланудан болған. 6 қазанда Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық өкругіне қарасты «Жомарт» саяжай қонысында табиғи газдан 4 адамның уланғаны туралы хабарлама түскен. 

Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1970 жылғы ер адам мен оның үш ұлы газ балонынан шыққан газдан уланып қалғаны анықталды. 25 литрлік газ баллоны қолдан жасалған жылыту пешіне қосылғаны анықталды.

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, отбасы 2 ай бұрын Тараздан қоныс аударған және балалардың анасы мектепте аспаз болып жұмыс істеген.

«6 қазанда күйеуі әйелді таңғы сағат 5-те жұмысқа апарып салып, үйге оралған. 16:00-де үйге қайтып келген әйел күйеуі мен ұлдарын өлі күйінде тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша олар газдан уланып қалған», ‒ делінген хабарламада

Тегтер: оқиғаТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz