Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында болған жаппай төбелеске 70-ке жуық бала қатысқан

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылында орын алған жаппай төбелеске қатысты жаңа деректер анықталып жатыр. Соңы кісі өлімімен аяқталып, елді дүрліктірген қылмыстық іс туралы тұрғындар жаға ұстатарлық жайттың бетін ашты. Айтуларынша, бұл төбелеске 70-ке жуық адам қатысқан.

08.08.2023
Арнайы жоба

Төбелес екі мектептің оқушыларының арасында болған. Бір мектептен 20 шақты, екінші білім ордасынан 50-ге тарта бала келген. Арасында 30 жастағы ересектер де болған деседі.

Қақтығыс кезінде оққа ұшқан 17 жастағы Мәрлен, қансыраған күйі сол маңдағы үйлердің біріне келіп, есігінен секіріп ауласына кірген. Ауыл тұрғыны Гүлмира Мұсаеваның айтуынша, марқұм жан ұшыра көмек сұраған.

«Тәте, демала алмай жатырмын, жедел жәрдем шақырыңызшы» деп айқайлап жатыр екен. Содан мен жедел жәрдем шақырдым. Сол кезде көшенің басына шыққанда қасымнан 30 баладай өтті. Бетінде маска, басында бас киім, қолында қаруы, таяғы бар. Біреуі «Біз осы жерді ұстаймыз, біз билейміз осы жерді, біз басқарамыз осы жерді деп, айқайлап кетіп бара жатты», – дейді ауыл тұрғыны Гүлмира Мұсаева.

Ауылдағы ағайын болса, төбелеске әкеліп соқтыруы ықтимал бірнеше нұсқаны айтып отыр. Бірі ақша үшін жанжал шықты десе, енді бірі жеке бастың араздығынан деп пайымдауда.

Марқұмның анасы Эльенора Айдарова баласының өліміне кінәлілер жазасыз қалмаса дейді.

«Істеген адамдар заңды жазасын алсын. 80-70 адам істеп отыр мұны. Тоғыз-ақ адам ұсталған. Оның ішінде екеуі күдікті дейді. Басқа адамдардың бәрі жазалансын. Баяғыдан келе жатқан нәрсе, бұл – екі жақтың соғысы. Бәрі жылы жабылып қалып жатыр. Менің баламның өлімі жылы жабылып қалмасын деп мен баратын жердің бәріне барамын», – деді марқұмның анасы.

Алматы облыстық облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин қылмыстық кодекстің 99-бабы, 9-тармағы, 2-бөлігі, 14 тармағы және 293-бабы, 3-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Жедел іздестіру шарасында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 20-дан астам баланы анықтады. Оның тоғызы аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жаппай төбелесте көз жұмған Мәрлен аспаз мамандығы бойынша оқыған екен. Жазғы демалысында ауылдағы әке-шешесінің жанына қолғабыс болуға келген бала қапияда қаза тапты.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz