Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында 8 пәтерлі үй жанып кетті

Алматы облысының Заречный кентінде 8 пәтерлі үй өртеніп кетті. alataunews.kz бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

17.08.2023
Арнайы жоба

«17 тамыз күні сағат 03:57-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев қаласы Заречный ауылындағы Школьная көшесінде орналасқан 8 пәтерлі тұрғын үйдегі өрт бойынша шақыруға шықты. Сағат 04:21-де өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып, артынша шатыр опырылғаны анықталды. Өрт туралы хабарлама кеш түскендіктен оны сөндіру жұмыстары қиындады. Қонаев қалалық өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды», — делінген ақпаратта.

photo

Құтқарушылар келгенге дейін 15 адам өз бетімен эвакуацияланып үлгерген, оның екеуі жарақат алды.

Жалын сағат 05:10-да оқшауландырылып, сағат 7:20-да толықтай жойылды.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

«Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өз өмірін қауіпке тігіп, газ баллондарын алып шықты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өрт орнына барып, зардап шеккен тұрғындармен кездесті (24 адам, оның ішінде 10 бала). Қонаев қаласының әкіміне зардап шеккендерді Қонаев қаласындағы қонақүйге орналастыруды тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіпте өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайтын болады», — делінген ТЖМ мәліметінде.

photo
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЗаречный ауылыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адамды канал ағысы 3,5 шақырымға алып кеткен

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды: 125 мың доза тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында ағыс алып кеткен 10 жастағы бала құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы тауларындағы сел жағдайы тексерілді: мамандар қорытынды шығарды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz