Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы әуежайында жолаушы сөмкесіндегі зарядтау құрылғысы атылды

Алматы қаласының әуежайында жолаушының рюкзагында болған зарядтау құрылғысы атылды. Бұл туралы Alataunews.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

21.10.2022
Арнайы жоба

«19 қазан күні халықаралық рейстердің ұшу залында тексеру рәсімінен өту кезінде Эйр Астана әуе компаниясының «Алматы — Бішкек» бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшпақ болған жолаушы Т.М.-ның портативті зарядтағышы (Power bank) өртенді», — делінген мәліметте.

Осы орайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Формальдылықты оңайлату департаменті қажет болған жағдайда кеңес алуға, рәсімінен өту кезінде авиакомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екендігі туралы хабардар етуге қатаң кеңес береді.

Қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі ИКАО-ның DOC 9284 техникалық нұсқаулығына сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері (Power bank) қол жүгімен тасымалдануы керек. Сондай-ақ қысқа тұйықталудың алдын алу үшін олар өзінің қаптамасына салынуы керек. Немесе әр батареяны бөлек пластик пакетке немесе қорғаныс корпусына салу қажет.

«Егер литий батареялары (жабдықта, не жабдықпен) жүк ретінде тасымалданатын болса, онда олар ИКАО техникалық нұсқаулығының қолданыстағы редакциясына сәйкес тиісті түрде декларациялануы, таңбалануы және буып-түйілуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, ұшу қауіпсіздігі әр жолаушының жауапкершілігіне де байланысты», — деді Азаматтық авиация комитетінен.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz