Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Respublica» партиясы Қазақстанның екі облысында жиын өткізді

Сапардың бірінші күні Қостанай облысында халықпен кең ауқымда кездесу өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты.

03.03.2023
Сайлау-2023

Екінші күні партиялықтар осы облыс пен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлес қосып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысып жүрген еңбек ұжымдарымен де дидарласты.

Атап айтқанда, ұжым «МИЛХ» ЖШС-нен сапалы сүт шығаратын кәсіпорынға, «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнына және «Баян-Сұлу» ЖШС кондитерлік фабрикасына барды. Партия өкілдерімен кездесуге осы кәсіпорындардың 300-ге жуық қызметкері қатысты.

Қостанай облысындағы белгілі «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында партияның тең төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова дауыс беруге әрбір саналы азамат қатысуы тиіс екенін атап өтті.

«Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы, және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды! Дауыс беру күні біз тек сайлау учаскесіне барып қана қоймай, жаңа саяси күштің қалыптасуына және өзгерістер үдерісінің іске қосылуына ықпал етеміз», — деп атап өтті Шүкіжанова.

Барлық патриоттарды еліміздің болашағы алаңдатады. Сондықтан, Динара Шүкіжанованың айтуынша, сайлау бюллетенін толтыру – әр отандасымыздың азаматтық қоғамның толыққанды өкілі екенін білдіруі және ойластырылған таңдау жасағанын іске асыруы.

Сонымен қатар, Ақтөбеде «Respublica» партиясының мүшелері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар жастармен, Ақтөбе облысының спортшыларымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өткізді.

Айта кетерлігі, «Respublica» партиясының сайлауалды туры барысында партия мүшелері Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылайды.  Қостанай облысында соңғы күндері партия қатарына кіруге 15 мыңнан астам  адам өтініш білдірді.

Тегтер: Respublicaпартиясайлаухалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz