Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламенттік Республикаға көшуді жақтайды

«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламенттік республикаға көшуді жақтайды. Бұл туралы Алматыда өткен партия жақтастарының митингісінде Азат Перуашев мәлімдеді.

12.03.2023
Сайлау-2023

«Біз Парламенттік Республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, физикалық тұрғыдан сыртқы саясат пен макроэкономикадан бастап жылу жүйесіндегі апатқа дейінгі елдегі барлық мәселелерге дендей алмайды. Президент Тоқаевтың жылусыз қалған Рудный тұрғындарының жағдайымен танысып қайтқаны — оның адамгершілігі мен әр адамның тағдыры үшін жауапкершілігін көрсетеді. Дегенмен, бұл жергілікті жердегі мәселелермен жергілікті билік айналысу керек деген қағиданы одан бетер бекіте түседі. Мұндағы бақылаушы функциясын сайлаушылардың өкілі болып табылатын маслихат секілді ұжымдық орган атқаруы қажет. Ал, мұндай бақылау нәтижелі болуы үшін «тежеу мен тепе-теңдік жүйесі» деп аталатын атқарушы және өкілді билік тармақтары арасында баланс болуы шарт. Орталық деңгейде де солай — үкіметтің құзіреті парламенттің бақылау функцияларымен теңестірілуі керек. Сол кезде бұл жүйе жоғарыдан бұйрық күтпей проблемаларға дер кезінде назар аударып, олардың шешілуін реттеп, ағымдағы режимде жұмыс істейді. Бұл озық мемлекеттер әлдеқашан бір ізге салған парламентризм жүйесі, демократия негізінде де дәл сол жатыр», — деп атап өтті «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Азат Перуашев Мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 наурызында конституциялық реформаны жариялағанда, осы тежеу мен тепе-теңдік туралы айтқанын еске салды, ал,  1 қыркүйектегі жолдауында Тоқаевтың «Конституциялық реформаның негізгі мазмұны парламентаризм институтын күшейту мен дамыту» екенін айтқан болатын. Азат Перуашев «Тоқаев формуласы» деп атаған президенттің белгілі тіркесін тілге тиек етті: мықты президент — ықпалды парламент — есеп беретін үкімет. 

Парламентаризм үлгісі болып еуропалық, кеңірек айтсақ, батыс саяси моделі, сондықтан «Ақ жол» партиясы дамудың еуропалық жолын, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандарттарын жақтайды.

Тегтер: Ақ жолпартияүгіт-насихат

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz