Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Алматы Арена“ мен “Халық Арена“ мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
15.11.2024
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров Алматы қаласындағы «Алматы Арена» және «Халық Арена» спорт нысандары мемлекет меншігіне қайта өткенін, бұған дейін бұл нысандар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жеке ұйымдарға тегін пайдалануға берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

2017 жылғы Универсиада үшін арнайы салынған бұл мұз айдындары 2019 жылы жекеменшікке өткен еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, спорт және туризм министрлігінің орталық деңгейдегі қызметі мен өңірлік деңгейде спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына қатысты мәселелерді анықтады.

Сондай-ақ, Атырау облысында 2018 жылы негізсіз жеке кәсіпкерге берілген Мұз сарайы мемлекетке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында жеке ұйым басқаруындағы футбол алаңы бар стадион да мемлекет меншігіне өтті. Шымкентте 120 миллион теңгеге сатылған Мұз сарайы спорт кешенінің 67% үлесі де мемлекетке қайтарылды, деп мәлімдеді агенттік өкілі.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz