Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

PepsiCo Алматы облысында өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытады

Қорлан Нұрланқызы
15.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының әлеуетін дамытуға PepsiCo компаниясы айтарлықтай үлес қоспақ. Қазіргі таңда компаниямен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жоба өңірге қандай әсер етеді? Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Чипсы өндірісі – ауқымды жоба. Бірақ бұл – тек бастамасы. PepsiCo – әлемге танымал ірі трансұлттық компания. Егер ол біздің өңірге келсе, Қазақстандағы алғашқы америкалық компаниялардың бірі болар еді. Бұл жоба тек өндіріс саласын ғана емес, ауыл шаруашылығын да дамытуға мүмкіндік береді,» – деді әкім.

PepsiCo-ның келуі Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы картоп егумен айналысатын шаруашылықтарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Нарынқол мен Кеген аудандарында жыл сайын 500 гектар жерге картоп егіледі. Қазіргі уақытта жергілікті картоп Алматы нарығын толық қамтамасыз етуде. Алайда PepsiCo сұранысына сай өнім беру үшін картоп сұрыптарын жақсарту қажет. Осы бағытта компания шаруаларға қолдау көрсетуге дайын.

Чипсы өндірісінде тек картоп қана емес, оған қосылатын дәмдеуіштер, сыр, көкөніс, пияз секілді ингредиенттер де маңызды. Әкімнің айтуынша, бұл өнімдерді өндіру үшін Алматы облысында барлық мүмкіндік бар.

Әкімнің мәлімдеуінше, облыста жүгері мен бидайды терең өңдеу бойынша екі ірі жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар заманауи технологияларды қолдану арқылы тек жем-шөп өндірісімен шектелмей, аминқышқылдары сияқты жоғары құнды өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

PepsiCo-ның Алматы облысына келуі өңірдің экономикасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығының сапасы артып, халықаралық стандарттарға сай өңірдің экономикасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығының сапасы артып, халықаралық стандарттарға сай өнім өндірісі жолға қойылады. Сонымен қатар, бұл жоба аймақта жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті шаруаларға қосымша қолдау көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz