Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Ислам даму банкімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған келісімдерге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2024
Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Кездесуде бұған дейін жасалған келісімдерді жүзеге асыру және ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Екіжақты әңгіме барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге бейімделу және «жасыл» энергетикаға көшу бойынша бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экологиялық сын-қатерлер мен Қазақстанның орнықты дамуға деген ұмтылысы жағдайында бұл бастамалардың маңызын атап өтті.

Президент биыл қыркүйек айында Астанада өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстел форматындағы кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалады. Бұл іс-шара стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара ниетті айқындады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша алғашқы қаржылық және техникалық келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Бұл жоба аясында Қазақстанның 7 облысында 8 су қоймасы, 3450 шақырымдық 115 канал және 1 қарсы реттегіш салу жоспарланған, бұл еліміздің аграрлық саласында 332 мың гектардан астам жерді тұрақты сумен қамтамасыз етеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты дамуына қолдау көрсеткені үшін Ислам даму банкіне ризашылығын білдірді. Келіссөздер нәтижесінде құжаттар алмасу рәсімі өтті. Жоба құны – 1,153 миллиард доллар, қосымша 3,5 миллион доллар көлемінде грант беріледі, бұл банктің тарихындағы ең ауқымды қаржыландырулардың бірі болып табылады.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz