Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бері 52 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, оның 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындарына айналды. Бұл туралы Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жансерік Әдиахметовтың айтуынша, биыл облыста 66 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, олардың 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Қазіргі таңда 52,5 мың жұмыс орны ашылып, олардың 39,7 мыңы тұрақты жұмыс орындары ретінде тіркелді. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың адам орналастырылған.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілгендердің қатарында жастар тәжірибесінен өткен 971 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқан 8 153 адам және әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек еткен 601 адам бар. Сондай-ақ, ‘Күміс жас’ жобасы арқылы 1 442 азамат жұмысқа орналастырылды,» – деді Әдиахметов.

Облыста қысқа мерзімді курстар арқылы 624 жұмыссыз азамат кәсіби дағдыларын жетілдірді. Ал «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында 2,9 мың адам оқытылып, олардың 260-ы әлеуметтік осал топтардың өкілдері болды. Бағдарлама нәтижесінде 400 АЕК көлеміндегі грант иеленген азаматтар өз кәсіптерін бастау мүмкіндігіне қол жеткізді.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан бері 69 жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 980 жұмыс беруші 9 065 бос жұмыс орнын ұсынды. Қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ пробация қызметі мен босатылғандарды қайта әлеуметтендіруге ерекше назар аударылды. Бұл шараларға жүгінген 279 азаматтың ішінде 54-і бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, ал 225-і пробация қызметінде есепте тұрғандар. Нәтижесінде, 224 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 17 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруда да белсенді шаралар атқарылуда. Облыста 97 кәсіпорынға мүгедектігі бар азаматтарға арналған 166 жұмыс орнына квота белгіленген. Жыл басынан бері 1 143 мүгедектігі бар азаматтың 487-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Осылайша, Алматы облысында халықты жұмыспен қамту бағытында бірқатар оңтайлы нәтижелерге қол жеткізілуде, бұл халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz