Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылдың 7-9 қарашасы аралығында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Төле би ауылындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Турнирдің басты мақсаты – қазақ халқының бай мұрасы саналатын құсбегілік өнерін дәріптеу және шетелдік қатысушылармен тәжірибе алмасу.

Турнирге Қазақстанның 13 облысынан 80-нен астам құсбегі және 67 бүркіт, 16 қаршыға, 14 ителгі қатысты. Сондай-ақ, Моңғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген құсбегілер де өз өнерлерін көрсетті. Жалпы қатысушылар саны 100-ден асты, олардың ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен тәжірибелі құсбегілер бар.

Ашылу салтанатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов құсбегілік өнерінің қазақ мәдениетіндегі маңызын атап өтті: «Бұл жарыс – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан дәстүрін, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі болып табылатын құсбегілікті дәріптейтін маңызды шара. Құсбегілік – тек спорт емес, бұл біздің ата-бабаларымыздан қалған ұлы мұра», – деді әкім.

Турнир үш негізгі номинация бойынша өтті: бүркітпен, қаршығамен және ителгімен аң аулау. Әрбір құсбегі өз құсымен аңшылық өнерін көрсетіп, ұлттық спорт түрінің үздік өкілі атануға тырысты. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар, кубоктар, сондай-ақ құнды сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады.

ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, ұлттық спортты насихаттаудың маңызын атап өтті: «Құсбегілік – ата-бабаларымыздан қалған мұра, оны сақтап әрі дамыту – бәріміздің ортақ міндетіміз», – деді.

Турнирдің ақтық сайыстары 9 қараша күні өтті. Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Қайратұлы Күреңбеков жеңімпаздарға марапаттарын табыс етіп, құсбегілік өнерінің қазақ халқының ерекше шеберлігінің көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаев та жеңімпаздарды марапаттап, құсбегілік дәстүрдің болашақ ұрпаққа жетуінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Турнирді ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Құсбегілік» республикалық федерациясы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсетті. Турнир ұлттық спортты халықаралық деңгейде танымал ету және құсбегілік өнерін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz