Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2024
Жаңалықтар

Бір жылға жуық іздеуде болған Қарағанды облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеев ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Құлкеевке қатысты іздеу 2023 жылдың желтоқсанында жарияланған еді.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде іздеудегі К. ұсталды. Ол 2023 жылы теріс себептермен Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылған болатын,» — деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Рустам Құлкеев қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қылмыстық іс кезінде тәркіленген майнинг құрылғыларын ұрлады деген күдікке ілінген. Бұрынғы басшыға қатысты «Ұрлық» және «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының сайтында 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері жарияланған.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz