Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Халықаралық дзюдо федерациясының президентін қабылдадыПрезидент

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2024
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Мариус Визерге дзюдоны дамытуға және насихаттауға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді

Президенттің айтуынша, Қазақстанда спорттың осы түріне қызығушылық зор. Әсіресе балалар мен жастар арасында танымалдылыққа ие.

«Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы өзара ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Бүгінде дзюдоның әлемдік спорт қоғамдастығында алатын орны зор. Дзюдо Қазақстанда да өте танымал спорт түрі. Елімізде көптеген секция мен жаттығу орталықтары жұмыс істейді. Онда 160 мыңнан аса адам, солардың ішінде балалар да жаттығады. Жақында өткен Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Сондықтан біз Халықаралық дзюдо федерациясымен қарым-қатынасты өркендетіп, ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз», — деді мемлекет басшысы.

Мариус Визер Қазақстанда дзюдоны дамытуға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Қазақстанға келу — мен үшін үлкен мәртебе. Сізге және еліңізге дзюдоға ғана емес, әлеуметтік интеграцияның және бейбітшіліктің бірден-бір тетігі саналатын спорттық қозғалысқа қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Дзюдо қауымдастығының барлық мүшесі ортақ мақсатқа жұмылады. Бұл — қоғамда лайықты орны бар азамат тәрбиелеу», — деді Мариус Визер.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz